Дүңкеш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүңкеш (Peplіs) – тергүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанның далалық, шөлді, таулы аймақтарында тараған екі түрі бар. Көбірек тараған түрі – кезекжапырақты Д. (P. alternіfolіa). Бұл Тобыл, Есіл, Ертіс өзендері мен Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Қарқаралы, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Қаратау өңіріндегі сулы әрі дымқыл жерлердегі шалғын шөптер арасында өседі. Оның биікт. 2 – 15 см. Тамыр түбінен бұтақтала өскен сабағына ұсақ жапырақтары кезектесе орналасады. Гүлшоғыры жапырақ қолтығынан шығады. Гүлдері қызғылт түсті. Жемісі – домалақ пішінді қорапша. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дүңкеш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}