Дүре жайылмасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дүре жайылмасыКаспий ойпатының солт-нде, Жайықтың оң саласы – Көшім өз. жағалауында, Шежін (Шыжың) жайылмасының шығысында орналасқан шалғынды жазық. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауд. жерінде. Жайылманың орта бөлігінің абсолютiк биіктігі 14 м. Ұзындығы 60 км, ені 25 км. Д. ж-ның пішіні өте тегіс, жазық келген. Жер бедерінің ойысты жерлерінде көлтабандар, көлшіктер мен бидайықтар кездеседі. Топырағы қызғылт қоңыр және сортаң келген. Шалғынды-далалық және астық тұқымдас жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub