Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенция, Генуя конференциясында 1972 жылы қараша айында ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша қабылданған.

1975 жылдан бастап күшіне енді. Қазіргі таңда бұл конвенцияға 123 мемлекет қосылған. Конвенцияға қосылушы мемлекеттер жылына 2 рет жиналып, өз территорияларында орналасқан аса құнды мұралардың тізімін жасап, хал-жағдайы жөнінде есеп береді. Конвенцияның шешімімен мәдени және табиғи мұраларды қорғау үшін арнайы дүниежүзілік қор құрылған. Бұл қор конвенцияға қосылушы мемлекеттерден, ұйымдардан, жекелеген адамдардан түскен жарналар есебінен мүмкіндігі шектеулі елдерге мәдени және табиғи мұралардың сақталуы үшін арнайы қаржылай және техникалық көмек көрсетіп отырады. Конвенцияға қосылушы мемлекеттер өз территорияларында орналасқан аса құнды мұралардың бүлінбей сақталуын өз міндеттеріне алған.<ref>Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}