Дүниежүзілік мұхиттың белдемділігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүниежүзілік мұқиттың белдемділігі - мұхит суы қасиеттерінің (температурасы, тұздылығы, химиялық элементтері, органикалық дүниесі) таралу заңдылықтары. Мұхиттардағы 1500 — 2000 м тереңдікке дейінгі су қабаттарында география белдеулер ауысып отырады. 100 — 150 м тереңдікке дейін бұл заңдылық өте анық байқалады. Дүниежүзілік мұқиттың белдемділігінің негізгі түрі — ендік белдемділік. Дүниежүзілік мұхит 2 (Солтүстік және Оңтүстік) полюстік, субполюстік, қоңыржай, субтропиктік белдеулерге және 1 экваторлық белдеуге бөлінеді. Полюстік белдемдерде судың температурасы мүлде төмен, тұзды ортадан төмендеу (35ү), химия құрамында оттек көп, бірақ органикалық тіршілік түрлері аз. Одан субполюстік белдемдердің негізгі айырмашылығы — температурасы төмен, тұздылығы аз, мұз маусымға байланысты қатады, мұнда органик. тіршілік біркелкі жақсы дамыған. Қоңыржай белдемде гидрология көрсеткіштердің жылдық ауытқуы үлкен, органикикалық дүниеге өте бай. Субтропиктік және тропиктік белдемдерде судың температурасы жоғары, тұздылығы мол, суда оттек аз, органикалық тіршілік формалары көп. Экваторлық белдемде мұхит суының температурасы одан да жоғары, бірақ тұздылығы төмендеу.

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дүниежүзілік мұхиттың белдемділігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}