Дүйсенбек Садырбайұлы Қанатбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Дүйсенбек Садырбайұлы Қанатбаев – қазақтың жазушысы, ақыны, аудармашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998)

Өмірбаяны

1940 жылдың 27 қазанда Түрікменстанның Красноводск ауданы, Сүлмен ауылында (қазіргі Балқан уәлаяты, Түрікменстан республикасы) туған. Медицина училищесін бітіріп (1957), фельдшерлік қызмет атқарған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1965).

19651973 жылдары республикалық теледидарда аға редактор, 19731978 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, 19781982 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, ал 19821986 жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Республикалық радиода әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған.

Алғашқы өлеңдері 1960 жылы жарық көрген.

Шығармалары

Ақынның негізгі кітаптары: «Жазира» (1966), «Жол басы» (1968), «Серпер» (1970), «Жетіқарақшы — жеті жұлдыз» (1973), «Ағын сулар әуейі» (1975), «Мың сүрлеу, соны соқпақ» (1977), «Песня бегущей воды» (1978), «Онбесінен толған-ай» (1979), «Арнадым саған» (1982), «Аспан асты, жер үсті» (1984), «Сейітқұл туралы аңыз» (1985), «Иек асты, қиян шет» (1988), «Таңның атысы, күннің батысы» (1989), «Жатаған ымырт, биік таң» (2000).

Өлеңдері орыс, түрікмен, Әзірбайжан, башқұрт, украин тілдеріне аударылған. Мақтымқұлыны, Франческо Петрарканы, Саят-Нованы, Лермонтовты тәржімалады. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}