Ділда алқа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ділда алқа - алтын алқа, алтын өңіржиек; алтын алқаның көнерген атауы. Ділда алқа таза алтыннан соғылып, қақталып та, алтыннан соғылған теңгелерден үзбелестіріліп те жасалған.
Атам атын айтайын, Халқынан асқан Базарбай, Қой ішінде марқадай, Омырауда ділда алқадай,
немесе:
Алтын балдақ қылыш бер, Қынабы болсын сырлаған. Он алты жасар қыз әпер, Шашбауы болсын ділдадан.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>