Дыбыс өткізбейтін материалдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дыбыс өткізбейтін материалдармашина, аппарат, прибор жұмысы кезінде діріл мен соққы шуын бәсеңдету үшін қолданылатын материалдар. Оған ағаш талшықты тақта, асбест, картон, минерал мақта, поливинилхлоридті линолеум мен тақта, синтет. түкті кілем, эластикалық кеуек пластмасса, т.б. жатады. Діріл шуын бәсеңдету үшін машина серіппелі амортизаторға орнатылады. Жиілігі төмен инфрадыбысты өткізбеу үшін болат серіппе, ал жоғары жиілікті дыбысты өткізбеу үшін резина амортизатор қолданылады. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі децибелмен (дБ) өлшенеді. Тұрғын және қоғамдық үйлер бөлмелері қоршау құралымдарының (ішкі қабырға, пәтераралық қабырға, қабатаралық жабын) дыбыс өткізбеу дәрежесі, әдетте, 40 — 50 дБ болуға тиіс. Өндіріс орындарындағы шу 80 дБ-ден аспауы керек. Бұл үшін массасы үлкен берік элементтерге серпінді жеңіл төсемдер мен кеуек материалдар алмастырылып жасалған қабаттама құралымдар тиімді. Қабатаралық жабынға салынған серпінді төсем немесе әдейі қалдырылған ауа аралығы да адам жүрісінің дүрсілін бәсеңдетеді.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дыбыс өткізбейтін материалдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}