Дыбыс өрісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дыбыс өрісі — кеңістіктің дыбыс толқындары таралатын аймағы. Бұл аймақта серпімді орта (қатты дене, сұйықтық не газ) бөлшектерінің акустикалық тербелісі болады. Егер аймақтың әрбір нүктесі үшін дыбыс толқындарын сипаттайтын қандай да бір шамаларының (бөлшектердің тербелмелі ығысуы мен тербелмелі жылдамдығы, ортаның дыбыстық қысымы) уақыт бойынша өзгерісі белгілі болса, онда Дыбыс өрісі анықталған деп есептеледі. “Дыбыс өрісі” ұғымы, әдетте, мөлшері дыбыс толқындары ұзындығымен шамалас не одан үлкен аймақтар үшін қолданылады. Дыбыс өрісі энергетика тұрғыдан дыбыс энергиясының тығыздығымен, ал энергия тасымалы болған жағдайда дыбыс қарқындылығымен сипатталады. Дыбыс өрісі, жалпы жағдайда, сәуле көзінің қуатына, сондай-ақ, оның бағытталу сипаттамаларына да тәуелді болады. Шексіз біртекті ортадағы бір сәуле көзінің Дыбыс өрісі жүгірме толқын өрісі болып есептеледі. Дыбыс өрісін өлшеу үшін микрофон, [[\\гидрофон, т.б. дыбыс қабылдағыштар пайдаланылады.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дыбыс өрісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}