Дыбыстық қысым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дыбыстық қысым — дыбыс толқындарының орта арқылы өткен кезінде пайда болатын қысымының айнымалы бөлігі.Дыбыс толқындары ортада тарала отырып сол ортаны қоюландырады және сиретеді. Мұның нәтижесінде орташа сыртқы (статикалық) қысымға қарағанда қысымның қосымша өзгерісі пайда болады. Дыбыстық қысым дыбыс толқындарының жиілігіне тең жиілікпен өзгереді.Дыбыстық қысым — дыбыстың негізгі сандық сипаттамасы. Кейде дыбысты сипаттау үшін дыбыстық қысымның деңгейі ұғымы пайдаланылады. Дыбыстық қысымның бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі — Н/м^2 (1Па=1Н/м^2), ал бірліктердің СГС жүйесіндегі өлшем бірлігі — дин/см^2 (1 бар= =1дин/см^2=10^–1Па). Ауадағы Дыбыстық қысым 10^–5 Па-дан 10^3 Па-ға дейін (мысалы, реактивті ұшақтың шуы) өзгереді. Сәуле көздерін фокустауыштың көмегімен жиілігі бірнеше МГц-ке дейінгі ультрадыбыстың судағы Дыбыстық қысымын 10^7 Па-ға жеткізуге болады. Дыбыстық қысымды дыбыс қысымымен шатастырмау керек.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дыбыстық қысым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}