Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда (1971 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында туған) - кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

Жалпы мәлімметтер

1971ж. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келді. Байқадам орта мектебі және Саудакенттегі Ықылас атындағы музыкалық мектепті бітірді.

1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр жәнЕ кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді..<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сахнадағы рөлдері

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Мағауия (реж. Ә.Мәмбетов), Керім (реж. Е.Обаев), «Айман-Шолпанында» Жарас (реж. Е.Обаев), М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсінде» Әзімбай (сахналық нұсқа Ә.Тарази), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Жантық («Махаббат дастаны») (реж.Қ.Сүгірбеков), А.Сүлейменовтің «Кегінде» бекзада Сарын, «Жетінші палатасында» Рахат, «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Дәріс (реж. Ә. Рахимов), Шахимарденнің «Томирисінде» Спаргапис, Шахимарден мен Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Мойынсыз (реж.Т. әл-Тарази), Т. Ахметжанның «Сұлу мен суретшісінде» Суретші (реж. Н. Жақыпбай), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Мәмбет (реж.О. Кенебаев), Д. Исабековтың «Жаужүрегінде» Троицкий (реж. Е. Обаев), С.Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Тойболды (реж. А. Кәкішева), М. Әуезовтің «Қилы заманында» Фонов (реж. Ә. Рахимов), И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» спектаклінде Күнту (реж.О.Кенебаев), Т.Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» қойылымында Ұры (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Ғ. Есімнің «Таңсұлуында» Бақсы (реж. А. Кәкішева), Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» Қорқыт т.б. Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Шекспирдің «Асауға – тұсауында» Горацио (реж. Ә. Мәмбетов), «Ромео мен Джульеттасында» Ромео (реж. О. Салимов), К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Бригелла (реж. Т. әл-Тарази), Гогольдің «Ревизорында» Хлестаков («Пара», реж. Е. Обаев), «Үйленуінде» Кочкарев (реж. В. Захаров), Чеховтың «Шағаласында» Треплев (реж. Б. Атабаев), Кафканың «Құбылысында» Грегор Замза (сахналық нұсқа Е. Аманшаев, реж. Қ. Сүгірбеков) Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Ганфельд (реж. Р. Андриасян), М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Диуана («Күнәһар», реж. О. Кенебай), түрік драматургы Т.Жуженоғлының «Көшкінінде» Жігіт (реж. А. Кәкішева) т.б.

Кино рөлдері

«Қыз жылаған» – Дулыға (реж. С.Нарымбетов, 2001), «Сардар» – Бекзада (реж. Б.Қалымбетов, 2002), «Біржан сал» -Сал (реж. Д.Жолжақсынов, 2009), «Егіздер» – Жандос (реж. А.Нарымбетов, 2011), «Ақсұңқар» – Сері («Хабар» арнасы, реж.М.Бидосов, 2010), «Мағжан» – Мағжан Жұмабаев (деректі фильм, 2013) т.б.

Белгілі актер телебағдарламаларға («Тамаша» телетеатры, «Әзілстан», «77 күн» бағдарламалары, «Хабар», КТК телеарналарындағышоулар) белсенді қатысқан, көркем және анимациялық фильмдердің қазақ тілінде көркем шығуына, яғни көркем дубляжға атсалысып жүр. Атақты күйшілер Ықылас, Сүгір, Әйкен, Төлегендер шыққан өңірдің түлегі Дулыға – шертпе күйдің шебері, қобызшы, сазгер. Жас композиторлардың «Үкілі үміт» байқауының жүлдегері (1993).

Марапаттары

  • Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі, сондай-ақ республикалық және халықаралық театр фестивальдерінің (Корея, Түркия) бірнеше мәрте жүлдегері.
  • 2002 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты
  • 2010 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы.
  • Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік актер» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл);

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}