Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин 1967 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданының Заградовка ауылында туған.


Әкесі - Нұрмолдин Н.К., марқұм, Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының «Үлгілі» кеңшарында бухгалтер болып жұмыс істеген. Анасы - Нұрмолдина К.Ф., зейнеткер, «Үлгілі» кеңшарының жұмыс кооперативінде жұмыс істеген. Ленин орденді Омбы мемлекеттік ауылшаруашылық институтының «Гидромелиорация» факультетін (1992) инженер-гидротехник мамандығы бойынша; Ленин орденді Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының «Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы экономика және бухгалтерлік есеп» факультетін (1994) экономист-бухгалтер мамандығы бойынша; Мәскеу қазіргі заманғы гуманитарлық институтының «Заң» факультетін (2000); Көкшетау мемлекеттік экономикалық университетінің «Қаржы және несие» факультетін (2001) экономист-қаржыгер маман- дығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1984-1985 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының «Үлгілі» кеңшарында жұмысшы. 1990 жылдан - «Қазсуөнеркәсіп- құрылысмат» тресінің стропальщигі. 1992 жылдан - Петропавл қаласы бойынша Салық инспекциясында тұрғындардың табысына салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы; кәсіпкерлік қызметке салық салу бөлімінің аға салық инспекторы, бас салық инспекторы. 1998 жылдан - Петропавл қаласы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалардың салық аудиті секторының меңгерушісі. 1999 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті Салық аудиті басқармасының жеке тұлғалардың салық аудиті бөілімінің бастығы; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасыныңорын- басары. 2008 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы. Қазақстан Республикасы қаржы министрінің Алғыс хатымөн марапатталған (2005). Әскери атағы - старшина. Діни көзқарасы - «Дінаралық келісімнің дамуы және нығаюы». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Ш. де Голль, У. Черчилль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Халықтың әл-ауқатын арттырудың басты шарты ретіндегі әлеуметтік бағытталған, тиімді, бәсекеге қабілетті, диверсификацияланған және ашық экономиканың орнығуы». Хоббиі - спорт, экономикалық және ғылыми әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Жұмабаев, I. Есенберлин, А. Құнанбаев. Үйленген. 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}