Дрэпер Джон Вильям

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дрэпер Джон Вильям (1811-1882), ағылшын ғалымы. Тарих, физика, химия, физиология ғылымдарымен шұғылданған әмбебап оқымысты. Еңбектерінде қоғамның дамуына табиғаттың тікелей әсер ететінін, алдағы даму бағдарын дұрыс анықтауына байланысты екенін ғылыми мәселе ретінде қойды. Дрэпердің бұл еңбектерімен Абай таныс болған, Әуезов те оқыған. Ол Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен Еуропа ғұламаларын талдай келе: «Абайдың Сократты, Аристотельді оқығаны «Қара сөзінен», Гете, Байронды білгені өлеңінен байқалады. Спиноза, Спенсер, әсіресе Дрэпердің «Европаның есею тарихы» деген философиялық еңбектерімен де оқып танысқан» деп айрықша атап өтеді («Абайтанудан жарияланбаған материалдар», 1988, 175-бет). «Абай - қазақтың классигі» атты мақаласында Абай Дрэпердің «Европаның ақыл-ойының даму тарихының» толық курсын тәмәмдаған деген де пікір білдіреді (сонда, 75-бет).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дрэпер Джон Вильям|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}