Драйзер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Драйзер Теодор (27.08.1871, АҚШ, Индиана штаты, Терре-Хот қаласы — 28.12.1945, Калифорния штаты, Голливуд қаласы) — америкалық жазушы. АҚШ әдебиетіндегі сыншыл реализмнің ірі өкілі. Кедейленген кәсіпкердің отбасында дүниеге келген Драйзер балалық, бозбалалық шағынан жоқшылық көріп өседі. 14 жасында еңбекке араласып, фермада, ресторандарда әр түрлі жұмыстар істеген. 1882 жылы Чикаго қалалық мектебінде, 1888 — 89 жылдары Индиана штатындағы Блумингтон университетінде оқыған. АҚШ-тың көптеген газет-журналдарында қызмет істеген. Алғашқы “Керри қарындас” (1900) романы АҚШ-тағы жақсы өмір туралы аңызды айқын сынаған шығарма болды. Драйзер “Дженни Герхард” (1911) романында әлеум. теңсіздікке адамгершілікті қарсы қояды. “Финансист” (1912), “Алып” (1914), “Қайсар” (1947, аяқталмаған) трилогиясы — алпауыттардың елдегі материалдық игіліктерді монополиялық иеленуінің жалпы халыққа зардапты тұстары болатынын ашып көрсеткен шығарма. “Данышпан” (1915) романында өнер адамының трагедиялық тұрмысы суреттеледі. Жазушы шығармаларының ең биігі “Америка трагедиясы” — Драйзердің сыншыл реализмнің ірі өкілі екенін айқындаған шығарма. Оның бұл шығармасы 1960 — 62 жылдары қазақ тілінде жарық көрген.

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Драйзер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}