Драга

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Драга (ағылш. drag — тасу, сүйрету) — су түбінен құм күйіндегі құнды минералды (құрамында алтыны, платинасы, т.б. бар) өндіретін және бос жыныстарды үйіндіге төгетін жүзбелі кен байыту кешені. Жел, су, күннің әсерінен ұсатылған кендер ағып кеп су түбіне шөгеді. Оларда құнды металдар аз болғандықтан, басқа әдістермен қазу шығынды өтемейді, ал Драгамен алу өте тиімді. Драганың алғашқы нұсқасын ертеректе Жайықтағы алтын өндірушілер жасаған. Олар үлкен қарапайым салдың, яғни қайықтың үстінде тұрып, ұзын сырыққа байланған шөмішпен су астынан құм көсіп алатын болған. Ол құмды сол қайық үстіндегі астауларда шайқап жуып, алтын алған. 1870 жылдан бастап құмды механикалық құралмен жоғары шығарған. Бірақ жалғыз шөміш қолданғандықтан, жұмыс өнімі аз болған. 1882 жылы осы күнгі лардың қарапайым түрі — ең алғашқы көп шөмішті Драга жасалды. Қазіргі кездегі Драга — көп шөмішті (сыйымд. 700 л-ге дейін, ал қазу тереңд. 50 м-ге дейін) жұмыстық бөлікпен жабдықталып, кешенді механикаландырылған электрлік немесе дизельді-электрлік агрегат. Олар алтын, платина, ауыр минералдар, малтатас т.б. кен орындарын игеруге қолданылады.

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Драга|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}