Дотация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дотация (Үлгі:Lang-la) — кірісінен шығысы асып түсетін кәсіпорындарға және кейбір аймақтарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақша. Кәсіпорындарға дотация беру, бір жағынан, оларды банкротқа ұшыраудан құтқарады, екінші жағынан, кейбір тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтің бағасын көтеруге жол бермейді, өйткені бағаның бір бөлігі дотация есебінен бюджет қаражатынан өтеледі. Алайда дотация<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9</ref> мемлекеттік бюджетке ауыр жүк болып, оның тапшылығын туындатады, бұл өз кезегінде кейде қосымша ақша эмиссиясын жасауға, одан барып инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін. Дотация экономикасында мемлекеттік-әкімшілік басқару тәсілі басым елдерде кеңінен қолданылады.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Дотация, демеу қаржы