Достарға тілек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Достарға тілек» («Слово к друзьям »)- жазушының мақапасы. Советтік Қазақстанның 40 жылдығына орай «Советская культура» газетінде 1961 жылы 24 маусымда жарияланған. Қ.Жандарбеков бастаған бір топ мәдениет қайраткерлерімен бірігіп жазған. Коммунистік партияның жетекшілік етуімен Қазақстанның ауыл шаруашылығы, экономика, саясат сапасыңдағы жетістіктерін тізіп айтып өтеді. Қазақстанның басты жетістігі - индустрияның, келік-тасымапдың дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру, ғарышты меңгеру, ғарышқа алғашқы адамның қазақ жерінен ұшуы т. б. барлық халықтың мақтанышына айналды дейді. Мақаланың басым бөлігі «коммунизмге апаратын даңғыл жолда» белсенді қызмет етіп жатқан әдебиет пен өнер қайраткерлеріне арналған. Авторлар біздің шығармаларымыз партияның биік идеялары мен жалынды нұсқауларынан нәр алып, жігерге-жігер қосады дей келіп, қарапайым халықты Отанға қызмет ету жолында барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын аямай жұмсауға шақырады. Сонымен бірге сәулетті өмір құрушы еңбекшілер: құрылысшы, тың игеруші, ауыл шаруашылық мамандары жайлы жазылған шығармапардың аз екендігіне баса назар аударады. Себебі оқырман қауым біздерден бүгінгі таңда таңдауы мол тақырыптарға жазылған шығармаларды көптеп күтуде дейді. Сөйтіп қаламгерлер жұртшылық назарын заман тапабына сай, әдебиет пен өнердің езекті меселесіне аударады. Мақалаға Ә., Ш. Айманов, Қ. Жандарбеков, Е. Серкебаев, Ә. Қастеев қол қойған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Достарға тілек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}