Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов (8.2.1958 , Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Көксаяқ ауылы) – инженер, техника ғылымының докторы (2002), профессор (2004), Халықаралық инженерлер (2006) және ҚР Ұлттық инженерлерлік (2008) академияларының мүшесі. Қазақ химия-технология институтын бітірген (1982). Осы институтта кафедра инженері, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан (1983–97), «Балқаш» білім консорциумының атқарушы директоры (2003), «БГТИ» АҚ ректоры (2003–09), «ОҚТМИ» АҚ ректоры (2009) қызметтерін атқарады. Ғылыми жұмысының бағыты – түсті металдардың тотықты, сульфидті және хлоридті қосылыстарының күрделі жүйелері бойынша физиза-химия зерттеулер жүргізу. Айтқұлов 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 14 авторлық куәлік, 3 монография («Физико-химические основы и технология переработки бедных шлаков цветной металлургии хлоридной продувкой», Айтқұлов, 1996; «Физико-химические закономерности хлоридовозгонки меди, цинка и свинца из поликомпонентных оксидных, сульфидных и оксидно-сульфидных систем», Айтқұлов, 2006), 2 оқу құралының («Өзін бақылауға арналған физикалық химиядан сұрақтар мен есептер жинағы», Шымкент, 2003; «Охрана труда. Безопасность жизнедеятельности», Қарағанды, 2008) авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары:

  • Физико-химические основы и технология переработки бедных шлаков цветной металлургии хлоридной продувкой (1996);
  • Физико-химические закономерности получения и хлорирования оксохлоридов цветных металлов (2003);
  • Физико-химические закономерности хлоридовозгонки меди, цинка и свинца из поликомпонентных оксидных, сульфидных и оксидно-сульфидных систем (2004).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}