Досжан ишан Қашақұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Біріктірілсін Досжан ишан Қашақұлы (1812 1896) - діни ағартушы. Әкесі Қашақ молла. Солтүстік Үстірт (Доңызтау) пен оған көршілес жатқан Сам құмын, Ембі шөлін қоныстанған табын руының шөмішті аталығынан шыққан. Досжан ишан бір мәліметтерде XIX ғ-дың ортасында әлім руынан шыққан Нұрпейіс ишанмен бірге, енді бірінде 1874 ж. Абайдың әкесі Құнанбай бастаған бір топ қазақтармен бірге Меккеге қажылық сапармен барып қайтты деп көрсетіледі. Қажылық сапардан оралған соң Досжан ишан Доңызтаудағы Қайнар деген жерде, кейін Шилісуда (қазіргі Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық елді мекенінің маңындағы Ишан ата кешені) екі үлкен мешіт салғызды. Екінші мешітті Бірман ұста салған. Досжан ишан Ишан ата кешенінде жерленген.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Islam-stub