Досақан Жәнібекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досақан Жәнібекұлы - батыр, адай руының Тәуке атасының старшыны.

Өмірбаяны

Ағайындардың қарсылығына қарамастан 1836 жылы көктем айында Исатай қозғалысына қосылған. Досақанның інісі, адай руы Тәзіке атасының старшыны Кебен Жәнібекұлы да көтеріліске қатысып, Тастөбе соғысында қаза тапқан. Ал, Досақан Жәнібекұлы тұтқынға түсіп, Орал әскери сотының шешімімен «1-ші дәрежелі қылмыскер» деп танылады. 1000 дүре соғылып, жер аударылады. Айдаудан аман-есен елге оралып, Ойыл бойындағы кете руының атақты ақсақалы Орайдың қызына үйленеді. Одан тараған ұрпақ қазір Ақтөбе облысының Темір, т.б. аудандарында тұрады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref> <ref>Әнес Сарай, Исатай-Махамбет тарихы, А., 1997.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер