Дорама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дорамажапондықтардың телехикаялары. Кейінде ол ұғымды корейлердің (Оңтүстік Корея), қытайлардың, жапондықтардың және тайвандықтардың телехикаяларының барлығына қолдана бастады. Дорама сөзі Үлгі:Lang-ja тэрэби, Үлгі:Lang-en сөзінен шыққан. Дорамалар комедия, драма, мелодрама, спорт, мектеп, фэнтези, ғажайып, сұмдықтар, мистика және тағы да басқа жанрларда шығарылады. Әр адам өзіне жағымды, өзі ұнататын жанрды таңдай алады. Бірақ ең танымал жанр бұл , әрине, романтикалық, яғни махаббат жайлы дорама - ren’ai.

Сипаттама

Дорама ұғымы манга және аниме ұғымдарымен тығыз байланысты. Себебі сол манга мен анимелерден алынған оқығалардан дорама түсіріледі. Ол дорамаларда Шығыс Азияның танымал адамдары, Шығыс Азия елдерінің шоу - бизнесінің атақты жұлдыздары, әртістер, актерлер, әншілер және атақты тұлғалар түседі. Солайша біз анимені тірі кейіпкерлермен, сол кейіпкерлердің рөлін орындайтын сүйікті актерлермен көре аламыз. Бірақ көбіне жағдайда дорамалар манга немесе анимеге тәуелсіз дербес туынды ретінде болады. Дораманың орташа ұзақтығы 10 - 25 топтамаға(серия) дейін, ал әрбір топтама бір сағат шамасында уақытты алады. Әрбір топтамасы алдынғы топтаманың аяқталған жерінде басталады. Кәдімгі тілмен айтқанда бұл 10 - 25 топтамаға бөлінген үлкен фильм (басқа телехикаялар сияқты). Әдетте дорамалардың жалғасын ешқашан түсірмейді және де бір оқиғаны аяғына дейін көрсетеді. Бірақ батыстардың үлгілеріне қарап кейінгі кезде көрерменнің көңілінен шығатын фильмдерден барлық мүмкіншілігін алу жағдайы қолданылады.Бұл тек сирек жағдайда ол оқиғаны жалғастырып тағы дорама түсіруі мүмкін. Дорама көп жағдайда жас аудиторияға арналып түсіріледі. Себебі онда жас әрі әдімі актерлер (кейде поп-идолдар). Бұл, әрине, оның жастар арасында табынушыларын қызықтырады. Дорамалардың телехикаялардан айырмашылығы тек қана оның Шығыс елдерінің түсіргендерінде ғана емес, оның басқа да ерекшеліктері баршылық.

Дораманың телехикаялардан айырмашылығы

  • Эмоция мен мимикаға ерекше назар аударылады. Яғни, дорамаларда актерлердің эмоцияны көрсетуі айқын беріледі.
  • Көрермендер аудиториясының көп бөлігін қыздар (әйелдер) құрайды. Бірақ басқа да әйелдерге де, еркектерге де қызықты дорамалар да аз емес.
  • Көбіне дорамалар жастарға арналған. Бірақ үлкендерге де шығарылып келеді.
  • Онда нәзіктік, сүйкімділік, сезімталдық, бала қылықтары жиі кездеседі.
  • Рейтингі телехикая біткеннен кейін соңында емес әрбір топтама(сериал) рейтингісі анықталып отырады. Сол бойынша дорамаға қызығушылығы анықталып, оған деген көзқарас қалыптасады.

Дораманың түрлері

Дорама тек жанрына ғана бөлінбейді. Ол шығаратын еліне де, мазмұнына да байланысты бөлінеді. Шы,аратын елдеріне: Жапон, Оңтүстік корея, Қытай, Тайвань, Тайланд (Гонконг, Индонезия, Вьетнам). Әр ел өз ойына қарай өр түрлі болып шығаруы мүмкін. Соған орай әр елде актерлер ойыны де алуан түрлі.

Көрермендер

Дорамалардың табынушылары тек Шығыс Азияда ғана емес. Басқа елдерден де ол Шығыс Азия еліне қызығушылар өте көп. Ал бұл дорамалар корей, жапон және қытай тілдерінде тұсіріліп, шығарылады. Көп жағдайда көрермендері бұл тілдерді түсінбейді, ал ресми телеканалдарда дорамаларды көрсетпеуі мүмкін. Соған байланысты аудармашы топтар бар. Олар фансаб топтары (Үлгі:Lang-ru табынушылардың жазулық аудармасы) деп аталады. Фансаб топтары көбінесе тікелей корей тілінен аудара алмауына байланысты, әдетте оның ағылшынға жазбаша аударылуын күтеді және содан ағылшын тілінен орыс тіліне аударады.

Қазақстанда көрсетілуі

Қазақстандық ресми телеканалдарда Оңтүстік Кореялық телехикаларды көрсетеді. Әдетте бұл телехикаялар өз отанында рейтингісі жоғары, көрермендерімен бағаланған дорамалар. Оны қазақ тіліне аударып, "Хабар", "Астана", "Ел арна", "Қазақстан" каналдарында көрсетілген. Бұл Қазақстанда көрсетілген дорамалар қатарына:

  • Ыстық ұя (Полный дом)
  • Құштар жүрек (Пламя желаний)
  • Махабат құдыреті (Сила любви) т.б.

Сілтемелер