Допты хоккей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Допты хоккей<ref>Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4</ref> — командалық спорт ойынының бір түрі. Ол мұз айдынында өткізіледі. Әр командада 11 ойыншы болады. Ойын 45 минуттық екі таймнан тұрады. Қақпасының биіктігі 210 см, ені 360 см.

Тарихы

Бұл ойынның XX ғасырдың 50-жылдарына дейін екі түрі болған: батыс еуропалық хоккей — бенди және «орыс хоккейі». Допты хоккей Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде қарқынды дамыды. Халықаралық федерациясы 1955 жылы құрылып, бірыңғай ережелері қабылданды. 1957 жылы алғаш рет дүниежүзілік чемпионат өткізілді.

Қазақстанда допты хоккей XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамып келеді. Алматының «Динамо» командасының хоккейшілері бірнеше рет чемпион, күміс және қола жүлдерегі болды. Ең нәтижелі шабуылды Е. Агуреев 518 доп соғып, өзіндік рекорд жасады. Дүние жүзінің чемпионы және жүлдегерлері атағына Ю. Варзин, В. Бочков, Л. Лобачев, М. Жексенбеков, С. Қалымбаев, В. Панев ие болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}