Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымов (1952 ж. т., Жымпиты (қаз. Сырым) ауданы, Қособа а.) — композитор, термеші. Республикалық термешілер конкурсының лауреаты (1991). Құрманғазы атындағы музыкалық училищені бітірген. Қажымов «Ақ Жайық», «Айлы түн», «Махаббат», «Ақ Жайық — ару мекенім», «Екеуміз» атты әндерімен жұртшылыққа кең танымал. Еңбек жолын 1970 ж. автоклуб меңгерушісі ретіңде бастаған. «Ақ Жайық» ансамблінің әншісі (1976), халық театры директоры (1988-92) қызметтерін атқарған. Қазір Батыс Қазақстан облыстық филармониясының дирекгоры өрі көркемдік жетекшісі. Бірнеше рет республикалық мәдени мерекелерге қатысты (1977, 1985,1986). «Ақ Жайық» халық ансамблі құрамында Норвегия, Румыния, Болгария, Арктикадағы Салехард қаласында, Мәскеуде өнер көрсеткен. 1989 ж. «Мелодия» фирмасы Қажымовтың грампластинкасын жарыққа шығарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}