Дондерс моделі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дондерс моделі - Ф.К. Дондерс (1818-1889) голланд офтальмологымен шығарылған тыныстанудың заңдылығын көрсететін тәжірибе. Бұл тәжірибені жасау үшін түссіз, аузы тар шиша алып, оған жұқа резеңке керіп түп жасайды, аузына тығын арқылы түтік өткізеді. Түтіктің ыдыс ішіндегі ұшына резеңке қалташаны немесе құрбақа, т.б. өкпесін жалғайды. Түтікті шишаның ішіне салып тығындап, жоғарғы, сырттағы ұшын ашық қалдырады. Осыдан кейін шишаның резеңкеден жасаған түбін төмен не жоғары созса, түтік ұшындағы өкпе немесе резеңке қалтадағы ауаның толғаны немесе шығарылғаны байқалады. Бұл өкпе жұмысының қызметін көрсетеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}