Дойче альгемайне цайтунг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Дойче альгемайне цайтунг», республикалық қоғамдық-саяси газет. 1966 жыддың 1 қаңтарынан бастап Целиноградта (қазіргі Астана) неміс тілінде «Фройндшафт» («Достық») деген атпен жарық көрді. 1987 жылдан бері Алматыда шығып тұрады. 1991 жылдан қазіргі атымен неміс-орыс тілдерінде шығады. Газет қазақ әдебиетіне әрдайым жылы ықылас танытып, қазақтың белгілі акындары мен жазушыларының шығармаларын неміс тіліне аударып, насихаттаумен де шұғылданады. 40 жыддан астам мерзім ішінде Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты бірқатар материалдар басылды. 1966-69 ж. Мұхтар Әуезов және оның «Абай жолы» эпопея­сы туралы Г. Вормсбехердің бірнеше танымдық мақалалары жарияланды. «Еңлік Кебек» трагедиясы жайында белгілі ақын Н. Пфеффердің «Махаббат зұлымдыкты жеңеді» атты мақаласы басылды. Қазақтың кемеңгер суреткері әрі ойшылының адамзат өркениетіндегі рухани-тарихи орны жөнінде әр жылдарда Г. Бельгердің бір топ көлемді эсселері осы газетте жарық көрді. Мұхтар Әуезовтің 80, 90, 100 жьщдык мерейтойларына орай, газет арнайы бет беріп отырды. Онда «Абай жолы» романының 1-кітабынан үзінді (аударған X. Ангарова), «Көксерек» әңгімесі (аударған Д. Поммеренке), өмірбаяндық деректер, жазушы жайында жылы лебіздер, К. Эрлихтің «Қазақ әңгімесінің хас шебері» атты шолу мақаласы келтірілген. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында басылған көптеген материалцарда да Мұхтар Әуезов есімі әрқашан коса айтылады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дойче альгемайне цайтунг|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}