Догма

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Догма (грек. dogma – пікір, шешім, айқындау), қ а с а ң қ а ғ и д а – дәлелдеусіз, тәжірибе жүзінде тексерілмей-ақ ақиқат ретінде қабылданатын қағида.

Әдетте, оған абырой-беделге көзсіз табыну, сондай-ақ діни нанымдар негіз болады. Мысалы, көптеген діни наным күдік келтіруге не сынап-мінеуге болмайтын догмаларға сүйеніп, нақты болмысқа, кеңістік пен уақытқа тәуелсіз абсолюттік ақиқат ретінде мойындалатыны белгілі. Ал ғылымда кейбір ескірген ережелер догмаға айналып, оны консервативті, қасаң ойлайтын ғалымдардың қорғаштап, қолдайтын жағдайлары ұшырасуы мүмкін. Марксшіл-лениншіл ілім сөз жүзінде қасаң ойлаушылыққа қарсы шыққанымен, іс жүзінде өзі догмаға айналды, өзінің идеялық негіздерін жетілдіруге, уақыт ағымына сай дамытуға талпынғандарды «ревизионистер» деп сынады.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Тағы қараныз

Сыртқы сілтемелер

Догма

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub