Дмитрий Андреевич Зыков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Андреевич Зыков (7.11.1892, Ресей, Тула облысы Скуратов стансасы – 30.1.1975, Алматы қаласы) – ауылшаруашылығы ғылыми докторы (1940), профессор (1935), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1951).

Воронеж ауылшаруашылығы институтын бітірген (1921). Қазақстан Егін шаруашылығы халкоматының бас агрономы (1929–30), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі (1930–41; 1946–51; 1968–75), институт директоры (1941–46), Қазақстан ҒА Төралқасы жанындағы өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің төрағасы (1955–68) қызметтерін атқарған. Зыков мал азығын өндіру, егіншілік пен өсімдік өсіру мәселелерін зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытты, зерттеу нәтижелерін республиканың ауылшаруашылығы өндірісіне енгізді. Ауыспалы дақылдардың ғылыми негіздемелерін жасап, ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарын алды. Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дмитрий Андреевич Зыков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}