Дмитрий Александрович Буравов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Александрович Буравов (1909-1984), шаруашылық ұйымдастырушысы. 1925-1976 жылдары, Кольчугин түсті металл зауытында слесарьдың көмекшісі, нормалаушысы, диспетчерлік жабдықтау бөлімінің бастығы, зауыты Балқаш қаласына эвакуациялау жұмысына белсене қатысады. Зауытты аз күнде іске қосуда ерекше еңбек жасайды, осы зауытттың директорының орынбасары, Балқаш қаласы Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Балқаш қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, Балқаш түсті металл өңдеу зауыты директорының орынбасары, Балқаш тау-кен металлургия комбинаты директорының орынбасары, металлургия өндірісі жұмысшылары кәсіподағының орынбасары болды. 1976 жылдан құрметті демалыста. Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Балқаш қаласының құрметті азаматы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}