Диқанбай Дұржанұлы Биткөзов
Диқанбай Дұржанұлы Биткөзов 1941 жылы 14 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жеңіс ауылында туған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген. Самбодан ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушы (1980). Спортшылар: самбодан әлем чемпионы (1984) Байшолақов Қанатты; Әлем кубогының жеңімпазы (1985) Байшолақов Талғатты; самбо мен дзюдодан ҚР халықаралық кластағы спорт шебері және Әлем кубогының жеңімпазы Волобуев Сергейді; Әлем кубогының жеңімпазы (1992), Азия чемпионы (1992) Махмудов Айбатырды; қазақша күрестен Азия чемпионы (2007) Исақов Медетті; қазақша күрестен Әлем және Азия чемпионаттарының қола жүлдегерлері (2008) Ахметбеков Мақсат пен Исақов Дәулетті және басқаларды; сондай-ақ, КСРО және ҚР 150-ден астам спорт шеберін дайындауға қатысқан. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1982), «Еңбек ардагері» медалімен; «ҚР дене тәрбиесі мен спортын дамытудағы еңбегі үшін» Құрмет белгісімен (2001) марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі. Мәдениет қайраткері.
<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>