Диқанбаев Межит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Межит Диқанбаев (1910-1983), жазушының жиені, немере ағасы Самарханның Зура деген қызынан туған. Жас кезінен бастап Өуез ауылында өскен. Өнерге, білімге құштар, зиялы да іскер адам болған. Ол Абай мен Әуез ауылы тәркіге түсіп, жер аударылып, аштыққа ұшырап, ажал тырнағына ілінгенде көп қайрат көрсетіп, қол ұшын берген. Әсіресе, нағашысы Әуез ұрпақтарына ерекше жәрдемдескен. Мұжиттің қамқорлығының нәтижесінде Разақтың үй іші азып-тозып кетуден аман қапды. Мұғамила Әуезова: «Разақ ағаның қарындасынан туған Мұжит Диханбаев ағамыз қатынасып жүретін. Көпшілік туыстар оның атын атамай Жиендейтін. Кейін ол да сотталып, «жазасын» өтеп қайтты. Оның сондағы бар кінәсі - бір той-томалақ, жиын, дастархан басында отырып шырқаған әні сол кездегі жүйеге қарсы бағытталған деп танылып, соған бола айдауда жүріп келеді. Ауып-елде кәмпеске басталып, дүние алма-кезек ауысып жатқанда ауылдағы туыстар бала-шағаларын сол уақыттың өзінде қаладағы ағайындарына паналатуға жіберіп жататын. Мұжит ағамыз сондай келістердің бірінде Разақ ағатайымның балаларын жетектеп әкелді» деп жазады. Мұжиттің мұндай жақсылығы туралы Г.Омарханова, В.Н.Әуезова, Ұ.Әзиев өз естелігінде ерекше ілтипатпен атап өтеді. Мұғамила Мұхтарқызына да сондай қамқорлық жасаған. Бердіқожадан бергі Мұхтардың ата шежіресін хатқа түсіріп, нақты дәлелмен жүйелеп жазған «Мен білетін өмірбаян» атты қолжазбасының түпнұсқасы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қолжазба қорында сақтаулы. Оның қысқартылған нұсқасы «Әуезов туралы естеліктер» (1997) атты жинақта жарияланды. Бұл Әуезовтің туған ортасы туралы барынша анық та қанық бағалы дерек кезінің бірі болып табылады. Өкінішке орай, қолжазба аяқталмай қалған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Диқанбаев Межит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}