Дихан Қамзабекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дихан Қамзабекұлы (1966 жыл, Келтемашат ауылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) – филолог, әдебиет тарихшысы, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), алаштанушы. ҚазПИ-ді (1990, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында (1990–96), Еуразия ұлттық университетінде аға ғылылым қызметкер, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1996–2000), Қазақ Ұлттық музыка академиясы тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі (2001-2004), Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институттың директоры (2004-2005), оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 2006 жылы Еуразия ұлттық университетінде "Алаш" мәдениет және рухани даму институтын құрып, қалыптастырды. Қазір де осы университеттің проректоры. «Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 500-ден астам ғылыми және танымдық жарияланымның авторы. Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекет жастар сыйлығы лауреаты (2000).<ref> «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>. "Дихан Қамзабекұлы - Айтматов академиясының академигі" . ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2012), "Құрмет" орденінің иегері (2009). «Смағұл Садуақасұлы» (1996), «Руханият» (1997), «Алаш және әдебиет» (2002), «Ағартушылық және әдебиет» (2003), «Пайым» (2004), «Алаштың рухани туғыры» (2008), «Смағұл Садуақасов» (2009), «Түркістан алқасы» (2011), «Жәдитшілдік және Алаш: түсіндірме сөздік» (2012) кітаптарының авторы. С.Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытұлы, Х. Болғанбай, С.Ғылмани т.б. академиялық мұрасын жариялады. 3 деректі фильмге сценариий жазған («Қазақтың Қошкесі», «Бата», «Көздің қарашығындай»).

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}