Дистилдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДИСТИЛДЕУ – сұйық қоспаларды бір-бірінен бөліп алу әдісі. Ол сұйық қоспа құрамының одан түзілетін бу құрамынан айырмашылығына негізделген. Дистилдеу бөліп алатын сұйықтықты алдымен біртіндеп буландырып, артынан буды қайтадан конденсаттау арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде бөліп алынған (айдалған) фракция (дистиллят) қайнау температурасы төмен, ұшқыштығы жоғарылау, ал айдалмаған сұйықтық (ыдыстың түбінде қалатын) қайнау температурасы жоғары, ұшқыштығы төмендеу құрамдас бөліктерге ажырайды. Егер бастапқы қоспадан бір фракция (әдетте қайнау температурасы ең төмен не қайнау температуралары бір-біріне жақын бірнеше сұйық заттардың қоспасы) айдалса, оны жай дистилдеу, ал бірнеше фракция бөлініп алынса, фракциялық дистилдеу деп аталады. Дистилдеуді іске асыратын қондырғы жылытатын ыдыстан және дистиллятті жинайтын бір не бірнеше ыдыстардан тұрады. Дистилдеу, көбінесе мұнайдың құрамдас бөліктерін бір-бірінен бөлу үшін не суды онда еріген минерал тұздардан, т.б. заттардан тазарту үшін қолданылады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дистилдеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}