Диспетчерлік кесте

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Диспетчерлік кестебөген жұмысын басқару ережелерін диспетчерлік кестелер арқылы беретін арнайы құжат.

Диспетчерлік кесте өткен кезендегі байқаулар негізінде анықталған гидрологиялық режім жағдайындағы бөген жұмысын сараптау негізінде жасалады, яғни сол арқылы әрбір ағын су ерекшеліктері ескеріледі. Мұнда негізгі аргумент ретінде диспетчерлік кестеде көрсетілген бөгеннің қажетті толтырылуы алынады, соған байланысты тутынушыларға су беріледі. Бөгенді пайдалану кезінде диспетчерлік кестеде берілген шешімдерді түзетіп, реттеу тиімділігін котеру мақсатында күнделікті болжамдар пайдаланылады. Ағынды жағдайын алдын ала болжау мүмкіндігін ескере отырып, диспетчерлік кесте арқылы белгілі бір жағдайда бөгенді тиімді пайдалануға болады. Бөген жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер қатарына: есептеу қамтамасыздығы ауқымында тұтынушыларға кепілдікті шығынды (<math>Q_\mathrm{p}</math>) үздіксіз беру мен ағындыны жалпы жоғары дәрежеде (максималды) пайдалануды жатқызуға болады. Әдетте, диспетчерлік кесте: уақыт — абцисса осі, бөгеннің толтырылуы (көлем немесе горизонттың биіктік белгісі) — ордината осі түріндегі координатқа салынады. Кестелердің бұл пішіні негізгі және толық пішін болып саналады. Сол арқылы әр түрлі сулылық жағдайларында (қалыпты, жоғары және төмен) бөгеннен су берілу ережелері белгіленеді.

Элементтері

Диспетчерлік кестенің элементтері — уақыт координатындағы бөгеннің толтырылуы сызылған диспетчерлік кестелерде сызықтар қатарымен берілуі. Бұл сызықтар ауқымында тұтынушыларға берілетін белгілі бір көлемдегі су шығыны межелі аймақтарға бөлінеді. Кестелерде бөгеннің жұмыс істеу аймақтары мынадай:

1) кепілді қайтарым аймағы: <math>Q_\mathrm{p}</math>;
2) жоғары қайтарым: <math>Q_\mathrm{}</math> > <math>Q_\mathrm{}</math> > <math>Q_\mathrm{p}</math> ауқымда;
3) толық жоғары қайтарым аймағы: <math>Q_\mathrm{b}</math>;
4) қысқартылған (шектелген) қайтарым аймағы: <math>Q_\mathrm{}</math> < <math>Q_\mathrm{p}</math>.

Өтім координатында (бөгеннің толтырылуы) берілген диспетчерлік кестелер кепілді шығынга тең абсцисса мен вертикальды сызықтан басталатын сызықтар сериясынан тұрады. Әрбір сызық бөгенді бақылау датасының толтырылуымен байланысты бағытын өзгертіп отырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Диспетчерлік кесте|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}