Динар Жүсіпәліқызы Нүкетаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Динар Жүсіпәліқызы Нүкетаева.JPG
Динар Жүсіпәліқызы Нүкетаева

Динар Жүсіпәліқызы Нүкетаева (1964 жыл, 4 қараша, Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Арқарлы ауылында туған) - қоғам қайраткері.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін (1985) химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Ө. Жолдасбеков атындағы заң институтын бітірген, юриспруденция бакалавры.

1986 жылдан - Алматы облысының Түймебаев атындағы кеңшар бала бақшасында тәрбиеші. 1988 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектеп те химия пәнінің мұғалімі. 1990 жылдан - Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында химия пәнінің мұғалімі. 1991 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте ұзартылған күн тобында тәрбиеші. 1992 жылдан - аудандық атқару комитеті жанындағы Жамбыл аудандық жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы, Алматы облысы Жамбыл аудандық Халық депутаттары кеңесінің аға референті. 1994 жылдан -Жамбыл аудандық әкімшілігінің референті. 1994 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының аға маманы. 1999 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы. 2004 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, №1/бір мандатты сайлау округы бойынша ұсынылған.2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, 2009 жылдың қаңтар айынан бері Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының, «Аймақ» депутаттық тобының мүшесі.

«Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.

Ұлдары -Түймебаев Дінмүхамед Бақытжанұлы (1986 жылы туған), Түймебаев Нұржан Бақытжанұлы (1989 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}