Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева (Назарбаева) — (1967 жылы 19 тамызда туған, Қарағанды облысы Теміртау қаласы) – экономист, педагогика ғылымдарының докторы (2007) - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ортаншы қызы. Қазақстандық миллиардер Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың зайыбы. Тимур Құлыбаев екеуі "АЛМЭКС" Холдинг тобының құрылтайшылары <ref> Қазақстан Республикасының Қаржы қадағалау агенттігінің ресми сайты </ref>. Аталған компания арқылы Қазақстан Халық Банкі Акционерлік қоғамының иесі болып табылады <ref> Қазақстан Қор биржасының ресми сайты </ref>.

Білімі

А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер университетін 1989 жылы бітірген.

Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтынан магистр дәрежесін алды (1998).

«Методологические основы управления профессионально-ориентированной образовательной системой школ международного типа» ("Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағытталған білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері") деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады.

Биографиясы

1967 ж. тамыздың 19-да дүниеге келген.

Қазақ Бас киносында инспектор (19901991), «Қазкинопрокатта» бөлім бастығы (1991–95),

«Бөбек» қорында дирекция жетекшісі (1996, 1998) қызметтерін атқарды.

1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев» білім қорында директор. <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

2004 жылы — «ҚБТУ» АҚ директорлер кеңесінің төрайымы.

2007 жылы "Халықаралық типті мектептердің білім жүйесін басқаруының методологиялық негіздері" тақырыпты докторлық диссертация қорғады.

2009 жылдан бастап Н.Назарбаев атындағы Білім Ұлттық қорын басқарады.

Марапаттары

«Парасат» орденінің иегері (2008) ж.

Отбасы

Дереккөздер

<references/>