Дивергентті қосақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дивергентті қосақ – тангенциальды қозғалыстардың орталық өңірден шеткі аймақтарға қарай жылжуы нәтижесінде қалыптасатын қатпарлы егіз жүйенің (әдетте эвгеосинклинальдар) бір-бірімен тоқайласу пішіні. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>
Термин авторы Обуэнның топшылауынша, бұл жағдайдағы құрылымдар табиғаты ортадан тепкіш егізпішінмен (симметрия) сипатталады, дивергентті қосақтың конвергентті қосақтан айырмашылығы да осында.
Дереккөздер
<references/>