Диахрониялық типология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Диахрониялық типология<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref> (Үлгі:Lang-el және Үлгі:Lang-el - уакыт Үлгі:Lang-ru) — салыстыратын тілдердің материалын ұқсастығына қарап емес, категориалды-мазмұндык құрылымы тұрғысынан зерттейтін типологиялық бағыт. Диахрониялық типология тілдік универсал идеясымен байланысты болғанымен, одан ерекше универсалдық белгілер ұсынады. Диахрониялық типологиның негізгі ұғымы бойынша тілдің даму жолы барлық тілдерге ортак, бірақ сол жолмен тілдер біркелкі емес, ілгерінді-кейінді дамуы мүмкін. Бұл идея тілдің сатылап даму теориясымен үндесіп жатыр. Бірақ сатылану идеясы мүнда екі түрлі түсіндіріледі:

  1. Тілдер белгілі формалды сатыларды (кезендерді) өтуге тиіс (посессивті — эргативті — номинативті құрылыс). Диахрониялық типология осы кезендердің қалыптасуындагы формалды корсеткіштерге сүйенеді;
  2. Тілдер мазмұндық-мағыналық тұрғыда салыстырылып, мазмұндық категориялар стадиялық деп қаралуы мүмкін. Осы мағынада Диахрониялық типологияның контенсивті типология бағыты болініп шыққан (С. Д. Каннельсон, В. И. Абаев, Г. А. Климов).

Диахрониялық типологиянын тағы бір бағыты тілдік өзгерістердің себебін сөйлеушілердің сөз колданудағы максатымен байланыстырып қарайды. Мэселен, сөйлеу кезінде ен алдымен аса манызды құбылыстарға көңіл бөлінеді. Мысалы, адам көбінесе өзі туралы айтатындықтан, ондағы морфологиялық, синтаксистік қолданыстар 1-жакпен байланысты болады, ал олар 2,3-жақтарда кейін пайда болады. Сөйтіп, грамматикалық категория бірынғай қалыптаспайды: дамудын бір кезеңінде 1-жақтағы етістік шағы 3-жақта баскаша болуы мүмкін.

Диахрониялық типология бір тілдін көлемінде эр түрлі хронологиялық типологияға қатысты құбылыстар болатынын жоққа шығармайды. Диахрониялық типологиянын жатымды жағы оның тілдің тек откеніне ғана емес, келешегіне көніл бөлетіндігінде. Бірақ Диахрониялық типологияда тілдік фактілер эволюциясының толық иерархиялық тізбесі жасалған жок.

Диахрониялық типология КСРО-да 20 ғасырдың 30 жылдарында, АҚШ-та 70 жылдарда дами бастады, бірақ оған жакын идеялар Э. Бенвенист пен В. Гумбольдттың еңбектерінде кездеседі. Тілдің қарым-қатынастық сипатына бағытталғандықтан, Диахрониялық типология тіл біліміндегі прагматика, дискурсивті теориямен т. б. байланысты болып келеді, Диахрониялық типология тілдін эволюциясын ғана емес, адам ойының эволюциясын зерттеу үшін де маңызды.

Тағы қараныз:

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Диахрониялық типология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}