Диаспоратану
Диаспоратану – диаспора дамуының теориялық, әдістемелік, тарихи, экономикалық, демографиялық, этнологиялық және әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-саяси, мәдени-тұрмыстық, практикалық, т.б. мәселелерін зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Бұл терминді алғаш рет ғылыми айналымға Ә.Нысанбаев пен Ә.Арғынбаев енгізген (1992). Даспоратанудың басты міндеті – белгілі бір диаспораның пайда болуы мен қалыптасуының, дамуының, көші-қон мәселелерінің себептері мен сипаттамаларын анықтау, тарихын зерттеу. Сондай-ақ, түрлі диаспоралардың өкілдерімен әр алуан сипаттағы (экономикалық, мәдени-рухани, ғылыми, т.б.) байланыстарды нығайту, олардың көкейкесті мәселелерін шешу жөніндегі нақтылы іс-шаралардың жүйесін жасап, оларды ұйымдастыру да диаспоратанудың міндетіне жатады.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>