Диаметрлері мөлшерден үлкен кен кесектері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Диаметрлері мөлшерден үлкен кен кесектеріұсатқыштарда ұсатылып шығатын кен кесектерінің диаметрлері (әр ұсату сатысында) белгілі мөлшерден аспауы қажет. Ұсатқыштың шығару жырығы осыған сәйкес реттеледі. Бірақ жырық мөлшері тек көлденең бағытта ғана реттеледі. Осыған байланысты ұсатылған зат кесектерінің біразының диаметрлері жырық мөлшерінен үлкен болып шығады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>