Дзот
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дзот– шабуылдаушы жауға пулемет пен зеңбіректен оқ жаудыруға, әскерді снаряд, мина, авиация бомбасы жарықшақтарынан сақтауға арналған бекініс, далалық қорғаныс құрылысы. Ол ағаш, тас, топырақтан салынады.. Қабырғаларында оқ атылатын саңылау үңгірлері болады, есігі тыл жақтан шығарылады. Дзоттар 2-дүниежүзілік соғыс (1939-45) жылдарында жиі қолданылған. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>