Джозуэ Кардуччи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Carducci.jpg
Джозуэ Кардуччи

Джозуэ Кардуччи (1835 жыл 27 шілде, Вальдикастелло, Тоскана - 1907 жыл 16 ақпан, Болонья) - итальян ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Өмірі

Пизеде жоғары мектепті бітіріп, Болонья университетінде итальян әдебиетінен сабақ берді. «Жастық жырлары» (1850-1860) атты бірінші жинағында ұлт-азаттық қозғалысын дәріптеді. «Жеңіл және маңызды нәрсе» (1861-1867), «Ямбылар мен эподтар» (1867-1879), «Жаңа жырлар» (1861-1887), «Ырғақтар мен өлшемдер» (1901) жинақтарында ерлікті, дінді жеңген ой-сананы, жастық пен махаббатты, әсем табиғатты жырлады. Данте Алигьери, Петрарка және Джованни Боккаччо жөніндегі еңбегін, «Ұлт әдебиетінің дамуы туралы» (1868-1871) т.б. зерттеулерін жариялады. 1906 жылы Нобель сыйлығын алды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>