Джеймс-Лангенің эмоциялар теориясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Джеймс-Лангенің эмоциялар теориясы - американдық философ және психолог У.Джеймс пен неміс психологі Г.Лангенің XIX ғасырдың 80-90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша, "жылағандықтан мұңаямыз, дірілдегеніміз қорыққандықтан, күлетіндіктен қуанамыз". Г Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланыстырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен-иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялық органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды. Джеймс-Лангенің эмоциялар теориясы эмоцияларды жаратылыстық тұрғыдан зерттеуге келетін объектіге айналдыруға әрекеттену болды. Алайда эмоцияларды тең денелік өзгерістермен байланыстырып, бұл теория эмоцияларды қажетсінулер мен түрткілерге қатысы жоқ, адаптивтік мағынасы, реттеушшік функциясы жоқ құбылыстар қатарына қосты. Эмоциялардың ерікті реттелуінің проблемасы бұл орайда қарапайымдандырылып баяндалады: жағымсыз эмоцияларды, мысалы, ашулы жағымды эмоцияларға тән қимынды әдейілеп жасаса, басуға болады деп есептеледі. Бұл теорияға психологиядағы қарсылықтар эмоцияларды перифериялық өзгерістерден туындайтын түсініктердің жиынтығы деп механистік түсінушілік; жоғарғы сезімдер табиғатын түсіндіру тұрғысында болды. Физиологтардың сыны жануарларға жасалған эксперименттерден алынған мәліметтерге негізделді (Ч.С.Шеррингтон, У. Кеннон және т.б.). Олардың ең бастылары сол бір ғана перифериялық өзгерістердің өздері алуан түрлі эмоциялар кезінде, сондай-ақ эмоциялармен байланысты емес күйлер кезінде болып жататынын көрсетеді. Л.С.Выготский бұл теорияны организмдегі өзгерістерден туындайтын "төменгі", элементар эмоцияларды бейне ешқандай материалдық негіздері жоқтай көрінетін "жоғарғы", ақиқат адами күйініш-сүйініштерге (эстетикалық, зияттық, адамгершілік және т.б.) қарсы қойғаны үшін сынады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}