Джагга

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Fellin kok.png
Дулыға тәріздес қоныс

Джагга (чага, чагга, вачагга)Танзанияның солтүстік-шығысында орналасқан банту тобының халқы. Негізінен Килиманджароның маңайында қоныстанған. Құрамдарында туыстас этникалық топтар бар: джагга (кичагга тілі), мочи, мачамбе (машами), меру (руо, руа тілі), вунджо, ромбо (усери), руша, кахе, гвено. Халқының саны 1,8 млн адамды құрайды (2006 жыл бойынша). Банту халықтар тобының чага тілдер тобында сөйлеседі; көпшілігіне арналып XX ғасырда жазу-сызу шығарылған болатын. Сонымен қатар суахили және ағылшын тілі де халық арасында таралған. Көбінесе христиан дінін ұстанады, негізінен католиктер, және де мұсылмандар-сүниттер де кездеседі.

Джагганың арғы аталары 2-ші ширекте - 2-ші мыңжылдықтың ортасында Паре тауының аймағынан, яғни оңтүстіктен Килиманджароға қоныс аударды. Осыдан кейін кушиттік жергілікті тұрғындар ассимиляцияға ұшырап, джагга құрамына еніп кетті.

Шығыс Африканың бантутілді халықтарының дәстүрлі мәдениеті кушиттердің (жас қанды тұтыну, т.б.) және нилоттардың әсерінен өзгерістерге ұшырады. Негізінен қолдан террасалаған егін шаруашылығымен (банан, тары), мал шаруашылығымен айналысады. Банандар ер адамдардың, ал ямс пен сүт әйелдердің тағамы деп есептеледі. Банан мен тарыдан сыра (мбеге) әзірлейді. XIX ғасырдан бастап кофе өсірумен айналыса бастады. Халықтың бір бөлігі қалаларда (Аруша, Дар-эс-Салам) тұрады, бизнеспен айналысады, мұғалім, қызметкер болып жұмыс істейді. Ағаштан бұйымдар (ыдыс-аяқ, қалқан) жасау, ұсталық (темірді паре-көршілерінен алады) жақсы дамыған.

Ұлттық киімдері сиырдың терісінен тігілмеген, ал тұратын жерлері - дулыға тәріздес формада және шөппен жабылған. Халықты көсем (манги) басқарады, оларды XX ғасырдың басында жоғарғы көсем (манги мкуу) біріктірген болатын. Және де бұл титулдар қазіргі джаггаларда да сақталған. Туысқандық саны патрилинейлік болып табылады. XX ғасырдың басына дейін ерлердің (нгаси) және әйелдердің (шиджа) бастамалары жүзеге асырылатын, онда сүндетке отырғызу бірге жүретін. Дәстүрлі наным-сенімдері - ата-бабалырының табынушылығы, яғни Күн құдайына (Рува) сыйыну және т.б.

Негізгі музыкалық аспаптары - сыбызғы мен дағыра.

Әдебиет

  • Gutmann B. Das Recht der Dschagga. Münch., 1926;
  • Moore S.F., Puritt P. The Chagga and Meru of Tanzania. L., 1977.