Дефосфорлану

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дефосфорлану - құрамында фосфор молекулалары бар қосылыстардан фосфор қышқылы қалдығының бөлінуі. Тірі жасушаларда дефосфорлану негізінен фосфотаздар, (фосфоамидаздар) көмегімен жүреді де, нәтижесінде бос фосфор қышқылы түзеледі. Дефосфорлану нәтижесінде қуаты мол АТФ аденозинтрифосфатаза макроэргиялық мембраналар арқылы иондардың тасымалдануына, бұлшық ет жиырылуына және басқа да физиологиялық функцияларға қатысады. Трансфераз класына жататын қиназалардың көмегімен нуклеозидтрифосфаттарды дефосфорлану фосфорил топтарын басқа қосындыларға, (төменмолекулалық заттар немесе ақуыздар) тасымалдайды. Фосфорлану үрдісіне қарама-қайшы болғандықтан дефосфорлану тірі ағзаның зат алмасуы және тірі ағзалардың қуаттылығында маңызды рөл атқарады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub