Дефляциялық көл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дефляциялық көл, эолдық көл — негізінен, дефляциялық процестердің әсерінен жағалық шағылдар мен құм төбелер арасындағы ойпаңдарда пайда болған қазаншұңқырдағы көл. Дефляциялық көл қуаң аудандарда (Қазақстан мен Орта Азияның) және теңіз жағаларында (Балтық маңы елдерінде) кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref> Әдетте, шөлдерде кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Дереккөздер
<references/>