Деркөл жер асты су көзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Деркөл жер асты су көзі , Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының маңындағы Деркөл өзенінің алабы мен Деркөл-Шаған өзендерінің аралығында орналасқан<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>. Сулы қабатының тереңдігі 50 – 100 м, Ақшағылда – 160 – 175 м, температурасы 10 – 12°С, минералдығы 12 – 25,2 г/л. Суының құрамында азот газы басымдау келеді және ионды тұз (хлоридті натрий) бар. Бұл су көзінің минералды суы «Нива», «Мелиоратор», «Аққайың» санаторий-профилакторийлерінде тіректік-қозғалтқыш органдары, жүрек-тамыр жүйесі, сыртқы жүйке жүйесі, тері және гинекол., т.б. аурулары бар науқастарды емдеу үшін пайдаланылады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}