Деректер банкі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Mediawiki dbschema.svg
Деректер банкі

Деректер банкі (итал. banca – орындық, алмастыру дүкені) – дерекқордың (деректер базасының) қолданылу ортақтығы бойынша біріктірілген жиынтығы.

Деректер банкі – деректері бір орталықта сақталған, оларды ұжымдық негізде пайдалануға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйенің құрамында бір немесе бірнеше дерекқор, деректер базасының анықтамалығы, дерекқордың басқару жүйесі, сондай-ақ сұраныс және қолданбалы бағдарламалар кітапханалары болады.

Деректер банкінің дерекқордан өзгешелігі – мұнда өзара байланысы үстірт, тіпті өзара байланыспаған ақпараттар жиынтығы топтасқан. Деректер банкісінің ақпараттары арнайы индекстермен белгіленеді. Пайдаланушылар осы индекстер бойынша өздеріне қажет ақпараттарды іздеп табады. Деректер банкі салалық автоматтандырылған басқару жүйелері мен әр түрлі ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта дүниежүзілік ақпарат қорлары Интернет жүйесі арқылы біртұтас жаһандық желіге біріктірілген.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://infobank.kz/sozdiklist/showkz/21397

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Деректер банкі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}