Депутат Қаныш Сәтбаевтың сөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Satpaev.jpg
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев

Депутат Қаныш Сәтбаевтың сөзі - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Шығыс Қазақстан облысы Лениногор Орталық сайлау округінен депутат болып сайланған Қаныш Сәтбаевтың Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезекті сессиясында (1955) сөйлеген сөзі. Алғаш рет «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде (1955 жылы 1 сәуір) жарық көрді. Кейіннен Сәтбаев шығармаларының бес томдығының 5-кітабына («Ғылым» 1970) және Сәтбаевтың бір томдық таңдамалы шығармалар жинағына («Ғылым» 1989) енді.

Мұнда депутат Сәтбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында қаралып отырған бюджеттің жобасына қатысты сөйлей келіп, халық шаруашылығын өркендетудің негізі ауыр өнеркәсіп болса, ал оның өркендеуі шикізат базасына, минералдық ресурстардың қаншалықты ашылғанына байланысты екенін айтады. Осы орайда Қазақстандағы геологиялық зерттеулердің жағдайына тоқтала келіп, Қазақ КСР Ғылым Академиясы жанындағы Геология институты мен Геология мұражайының жаңа үйлерін салу үшін бюджетте тиісті қаржы бөлудің қажеттілігіне тоқталады.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}