Денсаулық жолы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Денсаулық жолы»Қазақстанда денсаулық сақтау мәселелеріне арналып, қазақ тілінде шығып тұрған журнал.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>


Оның 1929 ж. тамызда жарық көрген 1-санының 36 беті араб әріптерімен, 4 беті латын әріптерімен теріліп, 4 мың данасы тарады.


«Денсаулық жолының» жарыққа шығуына игі ықпал еткен Қазақстан Денсаулық сақтау халық комиссары М.Қаласытәтімов алғашқы жылдары бас редактор (1929–30) қызметін қоса атқарған. 1930–32 ж. Б.Әбдірахманов пен С.Аспандияров бас редактор болды. Х.Досмұхамедұлының мақалалары журналда жиі жарияланып тұрған. 1932 ж. жұмысын тоқтатқан журнал 1990 ж. «Денсаулық» деген атпен қайта жаңғыртылып, жүйелі шығып келеді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}