Дем салу (ем)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДЕМ САЛУ' - дәстүрлі наным-сенімнен туған емдеу шарасы. Д. с. арқылы емдеу үрдісі дәстүрлі ортада кең тараған. Мүндай емдеу шарасын көп ретте емші, бақсылар, қожа-молдалар атқарған. Ауырған адамдардың бетіне «сүф» (сүп) деп су бүркіп, үшықтап емдеген. Кейде кесеге қүйылған суға д.ү.ға оқып, бір үрттамын үртына толтыра алып, «сүф» деп шашырата науқас бетіне шашып, қалғанын ауру адамға ішкізген. Науқас адамның психологиялық түрғыдан ауруды жеңуге деген қүлшынысын арттырып, сенімін бекітетін Д. с. шарасы өз нәтижесін беріп, шошы- малы, үстамалы ауруғаұшыраған адамдар жазылып кетіп отырған. Молдалар науқасқа дем салып үшкірумен қатар Қүран сүрелерінен қағазға дүға жазып, ішірткі ретінде оны суға салып езіп ішкізген. Кей жағдайда суын ішкізіп, қағазын адам аяғы баспайтын жерге апарып көмгізген. Наным-сенім бойынша қағаз топырақ астында шірігенде науқас дертінен сауығады деп түсінген. Созылмалы ауруға үшыраған адамдарға торсьщқа қүйылған суға дүға оқып Д. с.-ып, күн сайын белгілі бір мөлшерде ішіп түруға кеңес береді (қ. Ішірткі). Қарауыл Жылан бақсы бедеу әйелдерді емдеу бары- сында: Багың байланган. Белің байланган.

Дерт жайланган, - деп өлеңдетіп, сосыи науқастың алдына үш сызық сызады екен. Алдымен ауруды бірінші сызықтан өткізіп барып, оның бетіне аузындағы суды бүркіп Д. с.-ып, келесі сызықтан өткенде де осы әрекеттерін қайталап, сегіз жа- сар екі баланы әйелдің көйлегінің етегіне кіргізіп емдеу шараларын жүргізген. Ақтөбе өңіріне танымал болған, халық арасына Ақбақсы атымен белгілі Төлеген бақсы бедеу эйелдерді емдеу кезінде: Атакем берген көк қошқар, Мойынында бес түмар. Он екі орам мүйізі бар. Сыпайьіның үйінде әсте менен зікір сал Күнменен жүрсең, күнмен көш! Түнменен келсең, түнмен көш! Көшерде күнің бүгін күн, Әуелі тидің қабақтан, Екінші тидің білектен, Үиііниіі тидің жүректен, Көшерде күнің бүгін күн, Атаңа нәлет зиянкес! — деп зікір салып, ауруды көшірген соң, оған дем салу шара¬сын жасаған. Сосын әйелді қамшымен аластаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дем салу (ем)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}