Демьяненко Виктор Леонидович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Демьяненко Виктор Леонидович 1958 жылы 26 тамызда Алматы қаласында туған. Орыс. Әкесі - Демьяненко Леонид Андреевич, ағаш ұстасы болып жұмыс істеген. Анасы - Демьяненко Надежда Кузьминична, дезинфектор болып жұмыс істеген. Алматы жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет көрсету техникумын (1979) тұрмыстық аппаратура техник-технологы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1984), дене шынықтыру және спорт жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірген. Орыс және француз тілдерін біледі.

  • 1985 жылдан - «Динамо» Республикалық кеңесінің бокстан аға жаттықтырушысы.
  • 1991 жылдан - Тунис құрама командасының бокстан аға жаттықтырушысы.
  • 1993 жылдан - Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті.
  • 2007 жылдан бері - Қазақстан республикалық кәсіпқой бокс федерациясының президенті. КСРО-ның жасөспірімдер арасындағы біріншілігінің жеңімпазы (1975), КСРО жасөспірімдер арасындағы біріншілігінің жеңімпазы (1976, 1977), Э. Греемо кубогының иегері (Стамбул, 1978), екі мәрте Еуропа чемпионы (1976, 1979), Әлем кубогының иегері (1979), КСРО чемпионы (1979, 1980,

1983), үш мәрте КСРО Халықтары спартакиадасының чемпионы (1979, 1980, 1983), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (1980). «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1980), ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрмет грамоталарымен (1979, 1983) марапатталған. КСРО көрнекті боксшысы. КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері (1989).

  • Әскери атағы - запастағы майор.
  • Діни көзқарасы - діндар.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Игілік пен өркендеу».
  • Хоббиі - балық аулау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - Л. Фейхтвангер.
  • Үйленген. Жұбайы - Демьяненко Фатима Владимировна, аудармашы.
  • Ұлдары - Демьяненко Виталий, Демьяненко Сергей.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub